Шымкент қаласында Ынтымақ-2 шағын ауданына табиғи газ тартылуда

Oinet.kz 10-10-2023 163

Шымкент қаласында газдандыру бойынша атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Шаһардың бірнеше ауданында табиғи отын тарту жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру.

Screenshot_107.jpg

Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Осы реттен Шымкен қаласында тиісті жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы  құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда  Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Оның құрылыс жұмысымен «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде аймақта табысты іске асырылуда. Атап айтсақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы Түркістан облысы әкімдігімен бірлес отырып қала аудандардағы елді мекендерге табиғи газ құбырын тарту жұмысын жоспарға сәйкес атқарып келеді, - дейді Мадияр Байымбетов.

Оның айтуынша, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстарына сәйкес ұзындығы 76,42 шақырым құбырдың құрылыс жұмысы 2024 жылы аяқталып, нәтижесінде 4534 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Шымкент қаласында «Amanat» партиясы қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда
Шымкент қаласында кәсіпкерлерге «Даму» қоры тарапынан қолдау көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу