Шымкент қаласында тозығы жеткен үйлер қайта жаңғыртылуда

Oinet.kz 12-09-2023 524

Шымкент қаласында модернизациялаудан өткізіліп жатқан көпқабатты үйлердің қатары артып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі күні шаһарда «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында осы жылдың тамыз айынан бастап 15 көпқабатты тұрғын үйге модернизация жұмыстары басталып кеткен болатын.

Screenshot_16.jpg

Осы бүгінгі күні жаңғыртылудан өтіп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің танысу үшін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жангельдин көшесі №16 бес қабатты тұрғын үйдің сыртқы күрделі жөндеу жұмысының барысымен арнайы барып танысты.

Қазіргі таңда бұл тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып, жертөле, сыртқы қасбеті жаңарған. Ал ішкі кіре беріс подъезінің әрлеу жұмысы 20 пайызға орындалған. Тозығы жеткен бұл үйдің жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарлануда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында халықтың тұрмыстық жағдайын арттыру, тұрғын үйлерді қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, ескі тұрғын үйлерді модернизациядан өткізудің тиімді жолдарын үйлестіруді жергілікті биліктің орындауына тапсырған бодатын. Бұл бағыттағы жұмыстар қалада шаһардың бас жоспарына сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, мұнан бөлек қаладағы дәл осындай күрделі жөндеу жұмыстары Күншығыс шағын ауданындағы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А тұрғын үйлерінде де қарқынды жұмыс қолға алынған. Бұл үйлердің барлығының шатыры толығымен ауыстырылып, ал Ильяев көшесі №113/5,  Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері заманауи құрылыс материалдарымен көркемделмек. Сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын қайта жабдықтау көзделген, -дейді қала әкімі.

Шаһар басшысының айтуынша, жоғарыда аталған көпқабатты тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы 2022 жылы  қаладағы 60 үй  ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен. 

Ескерте кетейік, модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған  өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізіледі.

Шымкент қаласындағы сенбілікке жастар да үлес қосты
Шымкент қаласында саялы саябақ бой көтеріліп, жолдар асфальтталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу