Шымкент қаласында саялы саябақ бой көтеріліп, жолдар асфальтталуда

Oinet.kz 12-09-2023 375

Шымкент қаласында жолдар жөнделіп, көшелер ретке келтіріліп, саябақтар жаңғыртылуда. Мәселен, қаладағы Сәуле шағынауданы тұрғындарының үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа берілетін болды. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақтың құрылыс жұмысымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып танысты. 

Screenshot_17.jpg

Бүгінгі таңда 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған. Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр. Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Атап өтерлігі,  шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады.  

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков саябақ құрылысына жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы  Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен де танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр.  Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.  Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құраған.

Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады.  Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласында тозығы жеткен үйлер қайта жаңғыртылуда
Шымкенттің экс-әкімі Ерлан Айтахановтың ендігі тағдыры не болмақ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу