Шымқалаға келетін шетелдік туристер көбеюде

Oinet.kz 30-08-2023 133

image.png

Туризм – экономикалық өсудің ең маңызды тетіктерінің бірі. Сондықтан да елімізде туризм саласы қарқынды  дамып келе жатыр. Әсіресе үшінші мегаполистің туризмінде оңды өзгерістер көп. Терең тарихы бар заманауи мегаполис жыл сайын туристер үшін тартымды бола түсуде.

Мамандардың мәліметінше 2023 жылдың бірінші тоқсанында мегаполиске 7 мыңнан астам шетелдік келген. Өткен жылдың соңында қала жарты миллионға жуық қонақты қабылдаған. Шымкентте туристерді қызықтыратын, сол арқылы жергілікті билікке туристік әлеуетті кеңейтуге көмектесетін аттракциондар саны артып келеді.

 Өткен жылдың соңында Шымкент   елдегі турист ең көп келетін қалалардың үштігіне кірді. Бұл әрине айтарлықтай жетістік. Биылғы жылы да мамандар  көшбасшылық позицияны сақтауға тырысуда.  Сала мамандары   туроператорлармен белсенді жұмыс істеп, жаңа туристік маршруттар мен бағдарламаларды бірлесіп әзірлеуде.

Бүгінде мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 142 орналастыру орны, 9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 киелі орын, 11 сауда және ойын-сауық орталығы, 5 діни нысан, 18 аквапарк бар.

Әрине, келушілер саны жағынан ең танымал орындардың бірі – Шымкенттің көне қорғаны – ашық аспан астындағы мұражай кешені. Мұнда  өткен дәуірге шынайы сүңгіп, тарихқа үңілуге, көне археологиялық ескерткіштер мен ғимараттарды тамашалауға, ұлттық киіммен түрлі-түсті фотоға түсуге, алтыбақанға мінуге болады.

2021 жылы цитадель аумағында Шымқала этноауылы ашылған болатын. Мұнда туристерге қазақтың салт-дәстүрі, қолөнері, өнері мен еліміздің тарихы туралы түрлі мағұлматтар беріледі. Сондай-ақ , қазақтың халық қолөнері дәріптеледі.  Этноауылда шеберлік сабақтары да өткізіліп тұрады. Яғни шеберлердің бақылауымен өз бетінше тұрмыстық бұйымдарды, ұлттық әшекей бұйымдар мен тағамдарды жасауға болады. Кешке Шымқалада қазақ күйлері ойналады.


«Оңтүстік» АЭА-ның көкжиегі кеңеюде
Шымкент қаласында жастарға жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу