«Оңтүстік» АЭА-ның көкжиегі кеңеюде

Oinet.kz 28-08-2023 381

2027 жылға қарай Шымкентте жалпы құны 1,7 трлн теңгені құрайтын 227-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.  Бұл өз кезегінде  18 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, индустриялық аймақтарда жұмыс істеуге жеңілдіктер жасалған.

image.png

Өңірдің дамуын жеделдету, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында 2005 жылы мегаполис аумағында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы инвестиция көлемінің өсуіне елеулі үлес қосуда. Инфрақұрылымның құрылысы шамамен 5 жыл бойы жүргізілді, оған 8,2 млрд теңге жұмсалған болатын.  Ал 2010 жылы бірінші инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Содан бері аймақтың инвестициялық платформасы толыққанды жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» АЭА  жобалар пулы жасақталған. Ол жалпы инвестициялық құны 130,4 млрд теңгені құрайтын 6 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 53 жобадан тұрады.

Арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым бағыттары жеңіл, химия, мұнай-химия өнеркәсібі және ішінара машина жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аумағында жалпы сомасы 55,2 миллиард теңге инвестицияға 32 жоба жүзеге асырылып, 2,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Негізгі жобалардың қатарында «Бал Текстиль» ЖШС (кілем, кілем бұйымдары және синтетикалық жіптер шығару), «Назар Текстиль» ЖШС (кілем және кілем бұйымдарын өндіру), «AGF Group» ЖШС (үй тоқыма бұйымдарын өндіру), «Әлем БТ» ЖШС (шұлық өндірісі) бар.  «ТұмарТекстиль» ЖШС (түкті сүлгілер мен халаттар өндірісі), «EKOHIM» ЖШС (арқандар, баулар, арқан бұйымдары), «AzalaCotton» ЖШС (республикадағы мақта жіп шығаратын жалғыз фабрика).

Қазіргі уақытта инвестицияланған бюджет қаражатының 1 теңгесіне 14,25 теңге жеке инвестиция тартылса, оның 6,7 теңгесі нақты салынған.

Әуелде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы тек жеңіл өнеркәсіп секторында жұмыс істейтін компанияларға ғана арнап ашылған болатын. Кейіннен Шымкенттегі өнеркәсіптің даму қарқынына қарай мұндағы өндірістік бағыттардың спекторы кеңейтілді. Атап айтқанда, мұнда ендігі жерде құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, жиһаз шығарушылар, фармацевтика, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларындағы компаниялар да қызмет атқара алады.

Биыл 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Шымқалаға келетін шетелдік туристер көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу