Демография – мемлекет дамуының кепілі

Oinet.kz 29-08-2023 212

image.png

Мемлекеттің  барлық салада өсіп-өркендеуі демографиясына тікелей байланысты.  Яғни елдегі жастар саны көп болса, еңбекке жарамды азаматтар саны артса экономика және өзге де салалар алға дамиды. Мем¬лекет тарапынан арнайы бағ¬дар¬ламалар жүзеге асып, жүйелі жұ¬мыс істеп отырса, ол елдегі де¬мог-рафиялық жағдайдың жақ¬саруына жанама түрде, қосымша дем беруші күш ретінде ықпал ете алады. Ұлан ғайыр жері бар Қазақстан осы күнге дейін демографиясы аз мемлекеттер қатарында болып келді. Алайда соңды жылдары мемлекеттің жүйелі саясатының арқасында елде халық саны едәуір артып келеді.  Әсіресе ірі мегаполис Шымкент қаласында демографиялық ахуал жыл санап жақсарып келеді. Статистикалық мәліметтер бойынша 2023 жылғы 1 маусымда қаладағы халық саны 1203,2 мың адамға жеткен. 

Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-мамырда 10168 адамды құрап отыр (2022 жылғы сәйкес кезеңде 9772 адам).  

Үшінші мегаполис туу көрсеткіші жағынан респуликада алдыңғы қатардан көрініп жүрген шаһардың бірі. Ұлттық статистика бюросы мамандарының мәліметі бойынша Шымкент Қазақстанда ең көп бала туылатын үздік өңірлердің қатарында. Бюроның мәліметі бойынша бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы – қыз. Туу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 19,20 туғанды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,70) тіркелген. 

Шаһардың демографиялық өсуіне үлес қосып отырған ол әрине – аналар. Осы орайда Қаратау ауданында еліміздің Конституциясы күні қарсаңында Батыр Аналарды Мемлекет басшысы атынан аудан әкімі мерекемен құттықтап, арнайы Мемлкеттік наградаларды табыстады.

Мерекелік құттықтау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығымен Шымкент қаласы Қаратау ауданынан 14 ана «Алтын алқа» белгісінің иегерлері, 57 ана «Күміс алқа» белгісінің иегерлері атанды.

Отбасы — шағын мемлекет. Ынтымағы жарасқан, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің ресурсы. Ана — отбасының жылуын сақтаушы, сондай-ақ қоғамның ертеңі — балаларды тәрбиелеуші. Жанұяның жылуын суытпай, ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналарымыз әрқашан құрметке лайық.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 38 көшеге асфальт жабыны төселді
В школах Шымкента созданы безопасные и комфортные условиях для обучения
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу