Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты тұрғын алқабында электр желілері жаңартылуда
Шымкент қаласында Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад тұрғын алабында электр желілерінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбектің айтуынша, бүгінде Абдулабад тұрғын алабында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда.
Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Б.Аширбаевтың Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған болатын. Енді бұл жұмыстар онда «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасы аясында қолға алынған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында халықтың әл-аухатын көтеру алдыңғы орында. Осы ретте қаладағы шағын аудандар мен елдімекендердегі электр желілерін ауыстыру жұмыстары қаланың бас жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен іске асырылуда. Мәселен, бүгінге дейін айтылып келген тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Базарқақпа тұрғын алабында – 3 дана,Тұрдыабад тұрғын алабында –1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге оң әсер етуде. Бүгінде Абдулабад тұрғын алабында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда. Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады, - дейді Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек.