Шымкент қаласында 15 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілуде

Oinet.kz 04-09-2023 160

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, осы жылдың тамызынан бастап шаһарда «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында тұрғы үйлерді жөндеу жұмыстары қарқын алуда екен. 

Screenshot_46.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында халықтың әл-аухатын көтеру алдыңғы орында. Өйткені халықты жайлы ортасын қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстар көп. Бүгінгі таңда кеңестік дәуірде тұрғызылған көп баспаналар қайта жаңғыртуды қажет етеді. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолға алынған жұмыстар өз шешімін тауып келеді. Мәселен, қаламызда аталған тұжырымдама аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Бұдан бөлек, қалада көппәтерлі тұрғын үйлерді бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Күншығыс шағын ауданы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Ә.Жангельдин көшесі №16, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, А.Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А мекен жайында орналасқан  тұрғын үйлердің шатыры толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар, Ғ.Ильяев көшесі №113/5,  Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері жаңартылуда. Аталған тұрғын үйлердің сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын жөндеуден өткізу көзделген, - дейді қала әкім.

Қала әкімінің сөзінше, жоғарыда аталған көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Өткен жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда. 

Жалпы қала тұрғындары қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өтінім бере алады. 

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті
Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты тұрғын алқабында электр желілері жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу