Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті

Oinet.kz 03-09-2023 292

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, қаладағы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған. 

Screenshot_45.jpg

- 2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62-тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік каммуналдық кәсіпорны көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. «Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет. Сондай-ақ аудан жастары мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс, - дейді қала әкімі.

Бұл аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде. Олардың қатарында «ЖилСтройСервис», «NUR-D», «KazConstraction Service» және «ТеплоСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Еркин» мен «Сержан» жеке кәсіпкерліктері бар. 

Бұдан бөлек, жылыту маусымының дайындық барысын пысықтау мақсатында Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Абай ауданы төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесе отыра «Жылу маусымына дайындық» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл шараның мақсаты – төтенше жағдайларда болуы ықтимал апатты оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсете білудің қарапайым жолдарын үйрету және улы газдан улану қауіпі салдарының алдын алу.

Аудан тұрғындарына өткен түсіндірме жұмыстарында мамандар өкінішті жағдайға тап болмас үшін жаңа жылыту маусымы кезінде пештер және мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Себебі, иіс тиюдің алдын алу үшін ең алдымен пеш дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, үйді жақсы желдету керек. Көпқабатты тұрғын үйлерде газдан улану, әсіресе күздің аяғында немесе қыстың басында орын алу қауіпі жоғары екенін жеткізіп, жаднамалық парақшалар тарқатты.

Шымкент қаласында көпбалалы, азқамтылған отбасыларға «Бақытты жанұя» орталығынан қолдау бар
Шымкент қаласында 15 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу