Шымкент қаласында көпбалалы, азқамтылған отбасыларға «Бақытты жанұя» орталығынан қолдау бар

Oinet.kz 03-09-2023 318

Шымкент қаласында «Бақытты жанұя»  орталығының жұмыс істеп келе жатқанына біраз уақыт болды. Орталықта «Отбасы күніне» орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған орталық басшысы Абибулла Қалымбеттің айтуынша, отбасы мерекесі қарсаңында «Бақытты жанұя» орталығында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты жиын өткен.

Screenshot_44.jpg

Жиында орталықта жыл басынан бері атқарылған жұмыстар талқыланып, оны зерделеуден өткізді. Мамандар өздеріне міндеттелген жүйелі жұмыстардың оң нәтижесін баяндады.

Сондай-ақ Шымкент қаласында Арбат алаңына қарама-қарсы бетте «Бақытты жанұя» қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда келуші аналарға құқықтық-психологиялық кеңес беруден бастап, кәсіптің түр-түріне үйретеді. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында халықтың әл-аухатын көтеру алдыңғы орында. Сондықтан да ел азаматтарының, олардың отбасылық құндылықтары заңмен барынша қорғалған. Жалпы Шымкент қаласында «Бақытты жанұя»  орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, шаһарда отбасы күні мерекесі 2013 жылдан бастап үлкен іс-шара ретінде тойланып келеді. Біз тек мереке қарсаңында ғана емес, жай күндері де аналармен сырласып, жиындар өткізіп тұрамыз. Бүгінде біздің мекемеге 55 мыңнан аса қыз-келіншек тіркелген. Олармен бірлесіп, өдерін мазалаған мәселелерін шешуге көмектесеміз. Жұмыссыз жүрген аналарды кәсіби деңгейдегі курстарға қатыстырып, өз кәсібін жүргізуге қолдау көрсетеміз. Былтыр 49 350 қыз-келіншек мұң-мұқтажын айтып шағымданған болатын. Жиі келетіндердің қатарында – көпбалалы, аз қамтамсыз етілген және осал топтағы аналар бар. Зорлық-зомбылық көріп арызданғандар да жетерлік. Барлығына тиісті деңгейде бағыт-бағдар көрсетеміз,  – деді  «Бақытты жанұя»  орталығының басшысы Абибулла Қалымбет. 

Іс-шара барысында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова отбасындағы тәлім-тәрбие, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі хақындағы ойларын ортаға салды.  Сондай-ақ, аналарға қолдау көрсететін орталық жұмысының жетістіктерін атап өтті.

«Бақытты жанұя» орталығының ерекшелігі – аналарымызға қолдау көрсетеді, кәсіпке үйретеді, ары қарай кәсіп ашуға жол көрсетеді екен. Орталықта оқыған аналардың кәсібі өрлеп, өзгелерді жұмыспен қамтамасыз етіп отығаны расында қуантады. Бұл қажырлы еңбектің арқасы деп білемін», деді Баян Жандосова. 

Шымкент қаласында қала әкімінің қабылдауына 300 адам қатысты
Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу