Шымкент қаласында қаланың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктелді

Oinet.kz 02-09-2023 156

Шымкент қаласында өткен қала әкімдігінің активіне қатысқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласының әкімі  Ғабит Сыздықбековтың алдына атқарылуы тиіс біраз маңызды міндеттер қойды.  

Screenshot_41.jpg

- Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер, - дей келе, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-Министр халық санының өсуі бірқатар әлеуметтік нысанға түсетін жүктемені арттыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланып отыр. Оған қоса Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан жаңа Студенттер сарайы мен Шымкент қалалық опера және балет театры құрылысының маңызына тоқталды. 

Бүгінгі таңда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін шаһарда 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру – маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етеді. 

Премьер-Министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласында мемлекеттік гранттың үшінші кезеңіне құжат тапсыру басталды
Шымкент қаласында индустриалды аймақтардың жұмысы жандана түспек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу