Шымкент қаласында мемлекеттік гранттың үшінші кезеңіне құжат тапсыру басталды

Oinet.kz 02-09-2023 195

Шымкент қаласында кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. Соның бірі ұлттық жоба аясында қайтарымсыз грант беру. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Screenshot_40.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау жасалып келе жатқанын айтты. Мұндай мүмкіндікке мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ие. Мәселен, биыл Шымкентте әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, оның 228-іне оң шешім қабылданды. Ендігі кезекте осы жылдың 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-легі бойынша өтінім беру басталады, - дейді қала әкімі.

Жалпы Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. 

Өтінімді еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар азаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар және мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар санатындағы азаматтар тапсыра алады. 

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Үміткерлер порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтырулары және порталға енгізулері қажет. Өз бетінше әзірлеген бизнес-план жарамайды. Әсіресе бизнес-жоспар құрғанда мұқият болуларын өтінгіміз келеді. Комиссия мүшелерінің айтуынша алдыңғы лектерде көп азаматтар жоспар әзірлегенде көп қателік жіберген. 

Мәселен, нақты қандай құрал-жабдық, қанша дана, мақсатты қолдануы сынды барлық тармақтарын көрсетулері қажет.  Грант үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі тәуелсіз комиссиялардың шешімі негізінде беріледі. Комиссия құрамына қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдықтық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы ашылды
Шымкент қаласында қаланың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу