Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы ашылды

Oinet.kz 01-09-2023 115

Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары жалғасын табуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы - Бәйдібек би даңғылы пайдалануға беріліп, онда көлік қозғалысы қалпына келтірілген.

Screenshot_39.jpg

Яғни, жаңа оқу жылының басталуына орай ондағы жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында көлік логистикасын дамытуға, жол құрылыстарын 2029 жылға дейін жақсаруын тапсырып отыр. Ал Шымкент қаласында жол құрылысында қарқын бар. Бүгінгі таңда Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілген екен. Бұл жолайрық – қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде - Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде - Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде - оң,  жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда.  Айта кетейік, 15 мамырда халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылған болатын, - дейді қала әкімі.  

Бүгінге дейін шаһарда жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланға.   

Бұл құрылыс басына арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін  бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса жол құрылысы жұмыстарына тек алпауыт монополистерді ғана емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажеттігіне тоқталды. 

Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды.  Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысында  жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды тапсырды.

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы жанданып келеді
Шымкент қаласында мемлекеттік гранттың үшінші кезеңіне құжат тапсыру басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу