Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы жанданып келеді

Oinet.kz 01-09-2023 109

Шымкент қаласында баспананы қолжетімді ету – жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алатынын айтқан болатын.

Screenshot_38.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте соңғы жылдарда  арнайы бағдарламалар есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. 

Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, шаһарда Үкімет  қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын  4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. 

- Бүгінде Тұран шағынауданында 18 үй, Бозарық шағын ауданында 54 үй, Ақжайық шағын ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі екен. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарлануда, - дейді Мадияр Байымбетов.  

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіндегі 140 отбасы арендалық баспанамен қамтылған. Оның ішінде  35 пәтер көпбалалы отбасыларға, 52 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 16, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 37 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.

Айта кету керек,  осы жылы Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу жоспарланып, биыл шілде айында 168 азамат арендалық пәтерге қол жеткізген. 

Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істеп жүрген жастар 888 пәтер  мен қамтылатын болады. Сонымен қатар 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі  азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1174 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізіпті.

Шымкент қаласындағы №6 емхана жаңа моделмен жұмыс істеуде
Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу