Шымкент қаласында 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы басталады

Oinet.kz 29-08-2023 106

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салу жұмыстары басталып кетті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін шаһарда 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Screenshot_30.jpg

Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «Жайлы мектеп» жобасының жалғасатынын, елімізде жоба аясында 400-ден аса мектеп салынатынын айтты. Соның ішінде 18 мектеп біздің қаламызда тұрғызылады. Бүгінгі таңда қала аумағында 18 білім нысанының орны анықталған. Абай ауданында – 7, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 2, Қаратау ауданында – 6, Тұран ауданында - 2 мектептің құрылысы бекітілді. Бүгінгі таңда 13-нің жер учаскесіне мемлекеттік акт алынған. Ал, қалған 5 нысанның жер учаскесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 4 ғимараттың құрылысына бөлінген жер телімдерін мемлекет мұқтажына алуда тиісті шараларды атқаруда, - дейді қала әкімі. 

 Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілмек. Сонымен қатар қосымша 2 579 педагог жұмыспен қамтылады.

Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған. 

- Жобадан бөлек, қалада үш мектептің қосымша корпусының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 600 оқушыға арналған «Сайрам» шағын ауданындағы №65 орта мектепке жапсаржай салу» нысаны және 1100 оқушыға арналған М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының қосымша корпусының нысаны. Аталған нысандардың құрылысы өнідірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, 1 қыркүйек – Білім күніне орай балалардың заманауи жаңа ғимаратта оқуына мүмкіндік берді. Айта кетейік ағымдағы жылдың  1 жартыжылдығында 300 оқушыға арналған Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы №45 мектеп-гимназиясының қосымша корпусының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған болатын. Қазір онда балалар алаңсыз білім алуда, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Шымкент қаласына қарасты Айнатас елдімекенінде су құбыры аяқталуға жақын
Шымкент қаласындағы Қайтпас елдімекені көшелеріне асфальт төселді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу