Шымкент қаласындағы Қайтпас елдімекені көшелеріне асфальт төселді

Oinet.kz 30-08-2023 160

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданының жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, Қаратау ауданының аумағы 19500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. 

Screenshot_31.jpg

- Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы  асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар биыл 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген.  Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды. 

Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған. 

Бұдан бөлек, Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы 631 шақырымды құрайтын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелер құрайды. 

- Биыл Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 70 көше асфальттау жоспарланған. Қазіргі уақытта 15 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. Сонымен қатар биыл жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайтын 41 көшеге  шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  Қаратау ауданында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады, - дейді қала әкімі.

Шымкент қаласында 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы басталады
Шымкент қаласында «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығы үйі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу