Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлер қатары көбеюде

Oinet.kz 27-08-2023 412

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлік нысандар қатары артып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһарда орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. «Бұл сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс.

Screenshot_24.jpg

Бұл ретте Мемлекет басшысысы бірқатар тапсырмалар жүктеп, нәтижелі мемлекеттік бағдарламаларды бекітті. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласында бүгінде 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4 пайызға өсті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға жоғарылаған», - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлермен өндірілген өнім көлемі бүгінде 517,8 миллиард теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3 пайызға жетті. Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілуде екен.  

Жалпы кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы отандық өнімнің үлесі еселеп артып келеді. Мәселен, қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме. Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді. 

Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі – кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және тағы басқа елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.

Айта кетейік, кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75 пайызбен қаражат алды. Оның 14,75 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8 пайызын кәсіпкер төлейді. Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. 

- Кәсіп бастау кез-келген адамның қолынан келеді. Егер нақты бір мақсаты болса. Кәсіп бастаушы жастарға берер үш кеңесім бар, біріншісі - қызығушылық, екінші -ізденіс, соңғысы - қажырлы еңбек дейді «SHEGEN» сауда үйі» өкілі.

Шымкент қаласында жол құрылысы мен иррегациялар жүйесін тарту қатар атқарылуда
Шымкент қаласында оқушылар үшін жаңа «Төлем» жүйесі енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу