Шымкент қаласында жол құрылысы мен иррегациялар жүйесін тарту қатар атқарылуда

Oinet.kz 27-08-2023 226

Шымкент қаласындағы Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгіндн Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында  аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұмыстары атқарылуда екен.

Screenshot_23.jpg

Осы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстардың барысын қадағалаған қала әкімі мердігерлерге жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында көлік-логистикасы мен инженерлік-инфрақұрылым жүйесін және ирригациялар жүйесін жаңғырту керектігін жергілікті әкімдерге тапсырған болатын. Бүгінде жоғарыда аталған көшедегі жоба бойынша,  жалпы ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген. Құрылыс жұмыстары 76 пайызға орындалды. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары биыл толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған, - дейді М.Дүйсенбекұлы. 

Сонымен қатар қала әкімі мердігерлерге жол негіздерін салуда кедергісін келтіретін байланыс жүйелерін қайта қосудағы өзекті мәселені жауаптылармен бірге шешуді тапсырды. Сондай-ақ нысанды уақытылы қолданысқа беріп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жолды ашуды ұйымдастыруды тапсырды.

Тағы бір айта кететіні жол құрылысымен қатар ирригация жүйелерінің де құрылысы қатар атқарылуда. Жалпы шаһарда жауын-шашын маусымында су басу қаупінің алдын алуда ирригациялық жүйелердің маңызы орасан. Келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін Тұран ауданында биыл 24 шақырымды құрайтын 41 көшеге ирригация салу жоспарланған. 

Осы орайда, бүгінде 20 көшеге суағар салу үшін мердігер мекеме анықталып қойған. Мердігер Қазығұрт шағынауданындағы Жандарбеков, Бөгенбай батыр, Шымған, Оңдасынов, Мұханов, Баянауыл, Төлебай көшелеріне, 112 орамдағы Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелеріне, 4- шағынаудандағы Байтулы баба көшесіне, Наурыз шағынауданындағы Жанкент көшесіне арық салу жұмысын бастап кеткен.  Қалған 19 көшеге қыркүйекке дейін мердігерді анықтау жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту қыркүйектен басталады
Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлер қатары көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу