Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы бойында жол құрылысы жалғасуда

Oinet.kz 24-08-2023 309

Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы бойындағы жол құрылысы жұмыстары бірнеше бағытта жалғасын табуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазір қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.

Screenshot_13.jpg

Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Қазір жалпы жұмыстардың 27 пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жол құрылысына баса мән берген. Президентіміз көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Мемлекет басшысы ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қаламызда тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағыта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамтуды 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бүгінде Д.Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер төсемдері салынуда. Бригадалар жер асты суы өтетін темірбетонды құбырын орнату жұмыстарын жүргізуде, - дейді ол.

Бұған дейін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының жауаптыларға жолды кесіп өтетін 110 киловатты магистральді электр желісін қайта орнату бойынша берген тапсырмасы бүгінде орындалған. Сондай-ақ әкім тапсырмасына сәйкес, қазір Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстары іске асырылуда. 

Д.Қонаев даңғылы бойында жүріп жатқан құрылыс барысын тексерген Мұрат Әйтенов жауаптыларға қыркүйекте аталған аралықтағы жұмыстарды және 6- кезеңде Оңтүстік айналма  жолы арақашықтығын толық аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласында «3-энергоорталық» қысқы маусымға дайын
Шымкент қаласының экономикасының негізгі салаларында өсім бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу