Шымкент қаласында «GraMad» сауда желісі қалыптасуда

Oinet.kz 26-07-2023 235

Шымкент қаласында сауда желілері көптеп ашылуда. Соның бірі - «GraMad» сауда желісінің 24-ші нүктесі қаламызда халық тығыз орналасқан Тұран шағынауданында ашылып отыр. 17 мыңға жуық халық тұратын шағынаудан енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.

Screenshot_13.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Біздің алдыға қойып отырған жоспарларымыз ауқымды. Барлығы да қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі таңдағы жұмыс барысы да осы бағытта құрылып отыр, - дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Қала әкімінің айтуынша, жаңа ашылған нысанның жалпы алаңы 650 шаршы метрді құрайды. Жобалық құны 100 миллион теңге. Оған құйылған инвестиция арқасында 20 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. 

Жалпы қаладағы «GraMad» сауда желісі 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматына көшіп өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, сауда орны Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.

Сауда желісі айналым қаражат есебінен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатуда. Тұрақтандыру қорының айналым қаражаты есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін «GraMad» сауда желісінің нүктелерін 30-ға дейін арттыру жоспарланған.

Шымкент қаласында дендрологиялық саябақ аумағын жүйелі ылғалдандыру үшін ұңғыма қазылуда
Шымкент қаласында бос жұмыс орнын онлайн форматта табуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу