Шымкент қаласында дендрологиялық саябақ аумағын жүйелі ылғалдандыру үшін ұңғыма қазылуда

Oinet.kz 26-07-2023 308

Шымкент қаласындағы дендрологиялық саябақ аумағы жасыл желекке оранған. Оны ағын сумен қамту үшін ұңғыма қазылып, жер астынан су шығарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шаһардағы жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатын А.Асқаров атындағы Шымкент Дендрологиялық саябақ аумағы заманауи талапқа сай ылғалдандырылуда екен.

Screenshot_12.jpg

Саябақты жүйелі түрде  суару мақсатында 4 су ұңғымасы қазылуда. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында суармалы егістік көлемін 2030 жылға дейін 3 миллион гектар алқапқа жеткізу межесін қойған еді. Қазір мемлекет тарапынан бұл бағытта арнайы бағдарламалар мен жобалар қабылданып, еліміздің барлық өңірінде су көздерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылуда. «Ирригациялық жүйелерді салу және қайта қалпына келтіру» бағдарламасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Өңірлерді дамыту» тағы басқа да бағдарламалар мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде тазаланып жатқан тоғандар мен каналдар бар. Сонымен бірге алқаптар мен саябақтарға су жеткізу үшін жер асты су көздерін пайдалану бағытында да жұмыстар атқарылуда. Ол үшін ұңғымалар қазылуда. Ол өз тиімділігін көрсетіп отыр, - дейді қала әкімі.  

Саябақтың суару жұмыстарына демеушілер есебінен 4 техника 20-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда 1 су ұңғымасы іске қосылып, Тұлпар аумағын суару жұмыстары жүргізілуде, 2 су ұңғымасы жақын күндері  іске қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда дендросаябаққа күрделі жөндеуден өткен «БМК» су арнасы арқылы су келіп, жасыл желекті суғару жұмыстары талапқа сай атқарылуда.

«Біз суды үнемдеуді үйренуіміз керек. Алда қандай шаруашылықтың преспективалық жоспары болады, жаңа технологияларды енгізеді, ағын су да алдымен соларға беріледі. Біз уақыт талабына сай бұрынғыдай арықпен су беруді тоқтатып, тамшылтып, жаңбырлатып суғару жүйесін енгізуге тиіспіз. Өйткені ағын судың шаруа қожалықтың алқабына жеткенше 68 пайызы жерге сіңіп кетеді. Сол сияқты ұңғыманы да жаңа технологиялар арқылы пайдаланбасақ, су ысырап болуы мүмкін. Сондықтан біз шығынсыз суару жүйесіне көшуді қазірден бастағанымыз жөн. Президенттің де Жолдауында  алдымызға қойып отырғаны осы мәселе. - деді ол Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында медициналық жиһаздар шығаратын зауыт салынуда
Шымкент қаласында «GraMad» сауда желісі қалыптасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу