Шымкент қаласында медициналық жиһаздар шығаратын зауыт салынуда
Шымкент қаласында медициналық жиһаздар шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары 85 пайызға аяқталған.
Жаңа ол жаңа зауытта медициналық жабдықтар, соның ішінде керуерт пен шкаф жиһаздарын шығаратын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие екеніне тоқталған болатын. «Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп» дейді Президент. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда қаламыздағы «Тассай» индустриалдық аймағында құрылыс саласына атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан медициналық жабдықтар шығаратын зауыттың жылдық қуаты 250-ден аса медициналық жиһаз жасап шығаруға қауқары бар. Ол кәсіпорынға 208 миллион теңге инвестиция тартылған, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Тағы бір атап өтерлігі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында кәсіпкерлерге ашық және жылдам жер бөлудің тиімді әдістерін әзірлеу туралы тапсырма берілген болатын. Сонымен қатар бизнес өкілдері әкімшілік кедергілерсіз, заңды түрде учаскелер алуы керек деген де талап берілген. Осы ретте халықтың игілігі үшін, денсаулық саласын көтеруге, медициналық құрал-жабдықтарды өзімізде жасау мүмкіндігі туып отыр. Мұндай жобаларды қалай қолдамасқа. Сол қолдаудың арқасында кәсіпкерлер тарапынан жаңа зауыттың құрылыс жұмыстары іске асырылып, биыл пайдалануға беру жоспарлануда.
«Тассай» индустриалдық аймағында салынып жатқан жаңа зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы индустриалды аймақтан жер телімімен және дайын инфрақұрылыммен қамтылған. Нысан іске қосылған кезде 25 адам жұмыспен қамтылатын болады.