Шымкент қаласында «Qamqor» бағдарламасы бойынша баспаналы болуға мүмкіндік бар

Oinet.kz 28-07-2023 351

Шымкент қаласында «Qamqor» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталады. «Отбасы банктың» Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы басшысының орынбасары  Еркін Ахыншаевтың айтуынша, кез келген қала тұрғыны осы бағдарламаға қатыса алады екен.

Screenshot_9.jpg

Яғни  оның жеңілдетілген шарттарымен баспана сатып алу мүмкіндігіне ие бола алатын   аталмыш бағдарлама бойынша заемның ең жоғары сомасы 20 миллион теңгені құрайды. Кредит мөлшерлемесі 5 пайызға тең, одан әрі ол жылына 3,8 пайызға дейін төмендейді. Ал, алғашқы жарна 10 пайызды құрайды. «Qamqor» бағдарламасы бойынша азаматтарды несиелендірудің бірінші траншының көлемі 3 миллиард теңге. Қаражатты Шымкент қаласының әкімдігі бөліп отыр. 

– Шымкент қаласының тұрғындарынан «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер осы жылдың 15 тамызынан бастап 25 қыркүйегіне дейін қабылданады. «Отбасы банк» жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдап, ұпайларды санап, әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастырады. Банк бұл процесті «Баспана маркет» порталында  цифрландырады. Яғни, енді бағдарламаға қатысушылар туралы барлық деректер автоматтандырылған жүйе арқылы тексерілетін болады. Бұл бағдарлама қатысушыларының пулын қалыптастырудағы адами факторды жойып, ұпай санау уақытын қысқартады. Өтінім қалдыру үшін «Qamqor» бағдарламасына қатысушылардың  «Отбасы банкінде»  шоты болуы шарт. Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар енетін болады. Ұпайлар санына некеде тұрған жылдар саны, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және «Отбасы банкінде» үміткердің депозиті бар-жоқтығы ескеріледі, – деді Еркін Ахыншаев.

Бағдарламаға дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.  «Qamqor» бағдарламасының қатысушылары порталдағы жеке кабинеттерінде жинаған ұпай санын өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң келесі күні көре алады. Қатысушылардың төлем қабілеттілігі тексеріліп, заем беріледі. Бұл қаражатқа алғашқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ  кепілдікпен салынып жатқан тұрғын үйден баспана сатып алуға болады.

Дегенмен қатысушыларға қойылатын банктің шарттары да жоқ емес. Атап айтсақ, бағдарламаға қатысу үшін жас мөлшері 63 жастан аспауы, үміткердің және оның отбасы мүшелерiнiң соңғы 5 жылда республика  аумағында меншiгінде  тұрғын үйi болмауы қажет. Сондай-ақ соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұруы, сала бойынша соңғы 12 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі болуы тиіс.

Шымкент қаласында 64 көше орта жөндеуден өткізілді
Шымкент қаласында Кикбоксингтен ҚР чемпионаты басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу