Шымкент қаласында «Ақжар» қосалқы стансасы 50 мың тұрғынды электр қуатымен қамтымақ

Oinet.kz 08-08-2023 291

Шымкент қаласында «Ақжар» қосалқы стансасының құрылыс жұмысы жалғасуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған.

Screenshot_45.jpg

Қазіргі таңда «Забадам» қосалқы стансасынан «Ақжар» қосалқы стансасына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. 

- Стансада орнатылатын негізгі жабдық 110 киловатты трансформатор. Нысанның құрылысы осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Соның нәтижесінде «Ақжар» стансасы арқылы 50 мыңға жуық халық, сондай-ақ сол аумақтағы бизнес нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілуге мүмкіндік алады, - дейді қала әкімі.

Ал қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендерінде ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде  50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.  Бұл елдімекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелердің және бір қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Бүгінде Тұран, Түркістан,  Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы стансасын орнатады.

Жалпы, жаңадан іске қосылатын электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы стансасы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын  «DALA-CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты электр қуатына қосылып жұмыс істеуде.   

Шымкент қаласында таза ауызсумен қамту жұмыстары күшейтілді
Шымкент қаласында Конгресс-холл ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу