Шымкент қаласында таза ауызсумен қамту жұмыстары күшейтілді

Oinet.kz 09-08-2023 211

Шымкент қаласында таза ауыз сумен қамту жұмыстары 6 нысанда жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қалада 81 елдімекеннің 78-і сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінің тұрғындары әзірге кесте бойынша таза ауыз су тұтынуда. 

Screenshot_44.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Осы бағытта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бүгінде ауданда табысты жүзеге асырылуда. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қалаға қарасты елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі.

Бүгінде мегаполис елдімекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар —  Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. 

«Жоспарға сәйкес жыл соңында 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайыздан 100 пайызға дейін артатын болады», - дейді қала әкімі. 

Шымкентте ирригациялар жүйесімен қатар өзен мен саябақтарды аббаттандыру жұмыстары жалғасуда
Шымкент қаласында «Ақжар» қосалқы стансасы 50 мың тұрғынды электр қуатымен қамтымақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу