Шымкентте ирригациялар жүйесімен қатар өзен мен саябақтарды аббаттандыру жұмыстары жалғасуда

Oinet.kz 09-08-2023 215

Шымкент қаласында көріктендіру, көгеріштендіру санитарлық айлығынан бөлек, қаланың ирригациялар жүйесі мен өзен арналарының абаттандырылуына басымдық берілуде. Дегенмен, миллион тұрғыны бар қалада ирригация мәселесі өзекті.

Screenshot_43.jpg

Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі туындауда. Сондықтан да осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында биыл барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда аталған жұмыстар бойынша 19 көшеде құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді мекені және 112 орам шағын ауданында ирригация жүйесін салу қарқын алған. Ал, қалған 22 көше бойынша мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары басталмақ. 

- Қазір қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі -  Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. Оның аумағы 1,8 шақырымды құрайды. Нысан құрылысын «Стронг Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жобаға сәйкес абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Ондағы құрылыс жұмысының барысымен танысқан қала әкімі мердігер басшылығына аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталып, ел игілігіне берілмек.  

Бұдан бөлек, қалада «Шымкент Сити» шағын ауданында жаңа саябақ бой көтеруде. Қазіргі таңда саябақтың құрылыс жұмыстары 20 пайызға орындалған. Жалапы ондағы абаттандыру жұмыстарын 2025 жылы пайдалануға беру көзделген. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар аумақты алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде. 

- Саябақтың көгалдандыру алаңы 164 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады. Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта отырғызу жоспарланған. Сөйтіп қала келбеті алдағы жылдары тағы бір саябақпен арта түседі, әрі қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашылады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында 6 елді мекендегі кәріз жүйесі жыл аяғында пайдалануға беріледі
Шымкент қаласында таза ауызсумен қамту жұмыстары күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу