Шымкент қаласында 6 елді мекендегі кәріз жүйесі жыл аяғында пайдалануға беріледі

Oinet.kz 10-08-2023 216

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 8 елді мекенді кәріз жүйесімен қамту көзделген. Оның құрылыс жұмыстары Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне жүргізілуде. Қазіргі таңда кәріз жүйелерінің құбырлары желісін тарту жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылу үстінде. 

Screenshot_42.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысын үнемі бақылап, тексеріп отырады. Ол кеше Тұран шағын ауданында жүргізіліп жақтқан кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Нысан толық аяқталғанда 131800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі, оны алдағы жылдың  төртінші тоқсанында аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған. 

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие екеніне тоқталған болатын. «Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді. Жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп» дейді Президент. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда қалада инженерлік инфрақұрылым саласына атқарылып жатқан құрылыс жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. Жалпы жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәріз жүйесімен қамту жұмыстары аяқталып,  60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады.  Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60 пайыздан 65 пайызға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75 пайызына канализация жүйесі тартылатын болады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласындағы оңалту орталықтары ерекше балаларды қоғамға бейімдеуде
Шымкентте ирригациялар жүйесімен қатар өзен мен саябақтарды аббаттандыру жұмыстары жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу