Шымкент қаласындағы шағын аудандарда балалар ойын алаңшалары салынуда

Oinet.kz 11-08-2023 167

Шымкент қаласындағы шағын аудандарда балалардың ойын алаңдары көптеп салынуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бір ғана Құрсай шағын ауданында 6, Абай шағын ауданында 14 балалар ойын алаңы салынған. 

Screenshot_40.jpg

- Бүгінгі таңда қалада бұқаралық спорт түрлерін дамытуға басымдық берілуде. Мәселен, Құрсай шағын ауданына қарасты Тұран ауданында инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады.  Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл ауылы мен Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады. Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ. Ал биыл Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға берілетін болады, - деп алдағы жоспарымен бөлісті қала әкімі.

Қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандардағы ойын алаңдарын өзі қарап, тексеріп те қояды. Кеше ол Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барып, ондағы А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Ондағы ойын алаңын «Ынтымақ Бес Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салуда. Оның жобалық құны 23,5 миллион теңгені құрайды. Қала әкімі мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді. 

Бұдан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда. Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыд 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында жұмыссыздар жұмыспен қамту шараларына тартылуда
Шымкент қаласындағы оңалту орталықтары ерекше балаларды қоғамға бейімдеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу