Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер инженерлік желілермен қамтылып, пайдалануға берілуде

Oinet.kz 14-08-2023 276

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінде Бозарық шағын ауданында 54, Тұран шағын ауданында 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. 

Screenshot_33.jpg

- Бүгінгі таңда құрылыс саласына басымдық берілуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауларында халықты баспанамен қамту мәселесіне көңіл бөліп отыр. Осы ретте қала аумағында көпқабатты үйлер көптеп салынуда. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан Бозарық шағын ауданында жұмыс істеп жатқан мердігерлер мұндағы 49 көпқабатты тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктелді, - дейді қала әкімі.  

Бұдан бөлек, Тұран шағын ауданында 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып отыр. Биыл мегаполисте мемлекеттік бюджет есебінен 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде Тұран шағын ауданында ағымдағы жылы 1112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

- Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы тапсырылды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар мұндағы 26, 25, 29, орамдардың және №3390 жер телімінің инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл нысандар пайдалануға тапсырылатын болады, - дейді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, сапаны бақылауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындардың қолайлы жағдайын назарда ұстауды ескертті.

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 168  отбасы Тұран шағын ауданындағы пайдалануға берілген үйден арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 48 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен  жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша - 71 пәтер  кредиттік бағытта рәсімделген.

Шымкент қаласындағы Бадам-1 мен Қаратөбе тұрғын алқаптарында жол салынуда
Шымкент қаласында екі шағын ауданға газ таяуда беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу