Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығы кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Oinet.kz 10-08-2023 270

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер мен жастар арасында тәрбиелік мәні зор түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі - «Mega Planet» сауда орталығында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақпараттық керуен» жобасы.

Screenshot_44.jpg

Бұл жастардың өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары мен баспана жөнінде ресми ақпараттануына мол мүмкіндік беретін жоба болып табылады.

Қала тұғындары мен жастары көп шоғырланатын орындарының бірінде өткен іс-шараға «Отбасы банк», Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлерімен қатар, Жастар ресурстық орталығының психологы қатысты. Сала қызметкерлерінің кеңесіне 50-ге жуық тұрғын жүгініп, мемлекеттік бағдарламалар мен тұрғын үйге қол жеткізудің бастапқы жолдары бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар, орталық қызметкерлері сауда орталығының келушілеріне жадынамалық парақшалар тарқатты. 

Сондай-ақ, Жастар ресурстың орталығының мүшелері есірткіге қарсы іс-шараларды да ұйымдастыруда. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болып келеді. Шымкентте бұл бағытта жауапты мекемелердің бірлесе әрекет етуімен түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Қалалық Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі, Қаратау ауданы әкім аппараты қызметкері мен Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПқБ УПИ полиция өкілдерінің  қатысуымен «Diamond Рlaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жауапты мамандар жеке кәсіпкерлерге адамның санасына кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті. Сондай-ақ, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде жеткізді.

Айта кетейік, бұндай әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 423-бабында көрсетілгендей (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) жауапкершілікке тартылады.

Шымкент қаласының экономикалы әлеуеті артып келеді
Шымкент қаласында жылу жүйелері жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу