Шымкент қаласында 32 шаруа қожалық мал басын асылдандыруда

Oinet.kz 08-08-2023 235

Шымкент қаласында асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың қатары артып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінде қала аумағында 6 мыңға жуық шаруа қожалығында 7 мыңнан астам тұрғын еңбек етеді. Шаруалардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады екен. 

Screenshot_40.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше басымдық берілген. Бүгінгі таңда мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Қалау аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан субсидия да берілуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Бүгінгі таңда қала аумағында жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтардың ішінде 785 шаруа қожалығы мал, 6-ы балық, 4-і құс шаруашылығымен айналысса, 25-і омарта шаруашылығын кәсіп еткен. Мал шаруашылығымен айналысатын 32 шаруа қожалыққа мал басын асылдандыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.

- Мал басының артуы, сұт пен ет өндірісінің артуына әкеліп отыр. Осы жылдың қаңтарынан маусым айына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,7 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 миллиард теңге артыпты. Ал, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Мүйізді ірі қара малдың орташа салмағы 472 килограмды құраса, құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жеткен. Сондай-ақ, қала аумағында орналасқан 209 гектар жылыжайда қызанақ, қияр, басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, маусымаралық кезеңде қаланың сауда нүктелерінен бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіліп жатыр, - дейді қала әкімі.

Шымкент қаласында қайтарымсыз грантқа 228 адам ие болды
Шымкент қаласында жұрт көңілінен шыққан жәрмеңке
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу