Шымкент қаласында қайтарымсыз грантқа 228 адам ие болды

Oinet.kz 07-08-2023 289

Шымкент қаласында қайтарымсыз грант беру жұмыстары жалғасын табуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Биыл Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау ретінде 447 қайтарымсыз грант беру жоспарланған.

Screenshot_39.jpg

Өткізілген бірінші және екінші лектің өзінде алты мыңға жуық адамнан өтініш түскен болса, оның 228-не оң шешім шығарылып, грант ұтып алған.

- Президентіміз Жолдауында экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз. Бүгінгі таңда мемлекеттік грант алған қала тұрғындарының ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қатар, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, асыраушысынан айрылған, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар бар. Қайтарымсыз грант алған азаматтар бүгінгі таңда кәсібін дөңгелетіп, ісінің аясын кеңетуге осылайша мүмкіндік алды, - дейді қала әкімі.

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама аясында қайтарымсыз грантқа ие болған жанның бірі – Балнұр Байкөзова. «Балдай нұр» атымен қала аумағына ашытқысыз нанымен таныс. Нарықта ашытқысыз нанның пайдасын түсінгендіктен бағасы жоғары. Бағасына қарап, «мұндай қымбат нанды кім жейді» деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда нарықта осындай нанға сұраныс жоғары көрінеді. Себебі артық салмақтан арылғысы келетін, жалпы, денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануға ниеттенгендер ең әуелі өздерін ашытқысыз, глютені бар наннан тыйып жатады. Кәсіптің көзін тапысы келген Балнұр да нарықты зерттей келе, қолынан келетін іспен айналысқан. Алғашқыда осы нанды жасап үйренемін деушілерге шеберлік сабақтарын өтіп жүрген. Бүгінде кішігірім цехында 40-тан астам нан өнімін пісіріп, өзінің дүкенінде сатады. 

Ол грант алмас бұрын шағын кәсібін үйінде бастап, тапсырыс алып жүрген. Бастаған жобасын кеңейту үшін қаржылай қолдау керек екенін түсініп, мемлекеттік бағдарламаға қатысады. 

– Қаражатқа қажетті пеш, қамыр айналдыратын миксерлер сатып алдым, мұның өзі мен үшін үлкен қолдау болды. Барлық қолдаған жақындарыма алғысымыз шексіз, – деген кәсіп иесі бұл грантты шынайы ниет пен адал істің арқасында иеленуге болатынын жеткізді. 

Иә, тұтынып жүрген астың кейбірі зиянды деп жүргенімізде қаламызда пайдалы нан пісіру кәсібін қолға алған кәсіпкердің алға қойған мақсаты айқын, жоспары көп. Жас кәсіпкердің «Балдай нұр» өнімін брендке айналдырсам деген ниеті бар.

Шымкент қаласында жаңа өнеркәсіп аймақтары қалыптасып келеді
Шымкент қаласында 32 шаруа қожалық мал басын асылдандыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу