Шымкент қаласында жаңа өнеркәсіп аймақтары қалыптасып келеді

Oinet.kz 07-08-2023 241

Шымкент қаласында экономиканың дамуына тың серпін беріп отырған саланың бірі – өнеркәсіп. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда шаһарда жұмыс істеп тұрған 5 өндірістік алаң бар. Онда жалпы құны 350 миллиард теңгені құрайтын 335 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

Screenshot_38.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикамыз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құруға бейімделуі керектігін тапсырған еді. Осындай мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар Шымкент қаласында да атқарылуда. Бүгінгі таңда қалада өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан жалпы аумағы 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңадан 3 индустриалды аймақ ашылып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистикалық аймағын кеңейту көзделуде. Бұл аймақтарда жалпы жиынтығы 400 миллиард теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оның айтуынша, жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Онда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 200 миллиард теңгені құрайтын 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылмақшы. Бұл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аталған аймақта инвестициялық құны 147 миллиард теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеткен. Оның ішінде биыл инвестициялық құны 7 миллиард теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде.

- Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағына тартылатын ауыз су құбыры  12,5 шақырымды құрайды. Бүгінге дейін құрлысы жұмыстарының 93 пайызы, 11 шақырым кәріз жүйесінің 24 пайызы, 2,5 шақырым электр желісінің 26 пайызы, және газ құбырының 62 пайызы орындалған. Сондай-ақ, автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес атқарылуда. Жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын автомобиль жолының 2,3 шақырымы (95%),  ішкі орамдағы 3,7 шақырым (30%) жолдың құрылысы жасалған. Аймаққа инфрақұрылым тартуға бағытталған құрылыс жұмыстарын осы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында қонақ үй бизнесі өкілдері бас қосып, біліктіліктерін арттырды
Шымкент қаласында қайтарымсыз грантқа 228 адам ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу