Шымкент қаласында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлеріне барлық жағдай жасалуда

Oinet.kz 02-08-2023 292

Шымкент қаласындағы халықты таза ауыз сумен қамтып отырған бірден бір үлкен компания - «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Осы серіктестікте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин болып, компания басшылығы және қызметкерлерімен кездесті. 

Screenshot_29.jpg

Компанияда тәуелсіз кәсіподақ кәсіпорын құрылғалы бері жұмыс істеп келеді. Қызметкерлердің еңбек шарттарын, персоналға әлеуметтік қолдау көрсету, жастарға, көпбалалы отбасыларға, өндіріс ардагерлеріне әлеуметтік кепілдік ұсыну бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Алдымен төраға мекеменің мұражайын, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты. Мекемеде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Онда орташа айлық жалақы – 150 мың теңгені құрайды. Ал серіктестіктің 927 қызметкері кәсіподақ мүшесі.

– Іссапарымыздың негізгі мақсаты – өңірде қалыптасқан әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу мәселесі. Яғни, жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, жалақыны көтеру мәселесі, еңбек қауіпсіздігі, мекеменің кәсіподақтармен бірлесіп, әлеуметтік әріптестікті арттыру, лайықты еңбек жағдайын қарастырудағы жұмыстарымен танысу. Қазіргі таңда кәсіподақтар ретінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесімен айналысып жатырмыз. Экономикалық жағдайларды ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру мәселесі назарымызда тұр. Бұл мекеме басшылығы ендігі ретте жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау керек. Талаптар-ұсыныстар хаттамасын зерделеп, бұл мәселені Үкіметтің алдында көтереміз, – деді Сатыбалды Дәулеталин. 

«Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиевтың айтуынша, компания басшылығы жасалған ұжымдық келісімшарт аясында таңдалған әлеуметтік басымдықтарды ұстанып келеді екен. Осы жылдың басында қызметкерлердің денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында спорт кешені ашылған. Мекеме заманауи корпоративтік саясатты жүргізуде әріптестік байланыстарды жақсарту, кадр жүйесінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша трнеингтер және шеберлік сабақтарын ұйымдастырып келеді. 

Мұнда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің мәлімдеуінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында қалада 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 2043 адам тартылған. Ол мекемелердің жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдары арасында ұжымдық шарттар жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен. 

Шымкент қаласында биыл үш ауысымды мектептер болмайды
Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында 54 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу