Шымкент қаласында биыл үш ауысымды мектептер болмайды

Oinet.kz 02-08-2023 228

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш ауысымды мектептер биыл қалмайтын болды. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетовтың айтуынша, енді қалада жаңа оқу жылында оқушылар тек екі ауысыммен білім алады екен.

Screenshot_28.jpg

- Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Президентіміз Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Жалпы жылдан-жылға халық саны өсіп отырған үшінші мегаполисте білім ұясының табалдырығын аттаған оқушыларды сапалы білім беруде мектеп құрылысының жүргізілуі  да қарқынды жүруде. Одан бөлек ғимараты тозған 9 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақша, 1 колледж бен 2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты қайта қалпына келтіріліп, пайдалануға берілмек, - дейді ол. 

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов күрделі жөндеуден өтіп жатқан №66, 78 мектеп пен есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатында болып, ондағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Осы мектептердің күрделі жөнделуі «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Партия өкілдері қала тұрғындарымен кездесіп, ұсынысын тыңдаған сәтте ата-аналар мектепке күрделі жөндеу қажет екенін жеткізген.

Қазығұрт шағынауданында орналасқан №66 жалпы білім беретін мектептің пайдалануға берілгеніне 30 жылдан асыпты. Мекемедегі күрделі жөндеу осы жылдың мамырында басталған. Мектептің қайта жаңғырту құрылысын өз мерзімінде аяқтау үшін жүзге жуық құрылысшы жұмылдырылып, жұмысты 31 желтоқсанға дейін аяқтауға барын салып жатыр. Нысанды аралап көрген Бахадыр Нарымбетов мектеп басшылығы мен білім басқармасына мердігердің жұмысын бақылауға алу қажеттігін айтты.

Шымкент қаласында кәсіподақ төрағалары бас қосты
Шымкент қаласында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметкерлеріне барлық жағдай жасалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу