Шымкент қаласында ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Oinet.kz 12-07-2023 366

Шымкент қаласында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен баспасөз хатшыларына арналған «BAQCamp» атты оқу семинары ұйымдастырылды. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, семинарға қатысушылар 7 сессияға бөлініп, түрлі тақырып бойынша пікір алысқан. 

Screenshot_18.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін көтеру туралы да айтқан болатын. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң қабылданды. Президенттің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік мекемелер журналистің сұратқан ақпаратына үш күнде жауап беру міндеттелді. Бұл бағытта оң істер байқалады. Ал бүгін қаламызда ұйымдастырылып отырған оқу-семинары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің білімін шыңдап, кәсіби деңгейін арттыра түседі деген сенімдемін, - дейді ол  

Оқу семинары барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жалпы қатысушылар қақтығыстарды басқару және байланыс сессиясына қатысушылар  редакциялық жұмыстағы жанжалды жағдайларды және оларды шешу құралдарын анықтау,тиімді қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту сияқты бағыттарда өздерін сынады. 

Ал бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға әсер ету аспектілері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы этика және кәсіби стандарттар, Медиадағы инновация және даму сияқты бағытта  тәжірибе жинақтап, өздерін осы бағыттар бойынша сынап,тақырыптар төңірігінде түрлі ойындар ойнады.

Қалима Тәжіқұл, Ержан Райханов сында медиатренерлер ынталы жастарға пайдалы кеңестер беріп, ашық дереккөзбен жұмыс істеуге машықтандырып, оны пайдалану арқылы ақпаратты тексеру  бойынша практикалық тапсырмалар беріп, пікірталастар ұйымдастырылды,   практикалық мысалдар келтірді. 

Өз кезегінде семинарға қатысушылар көптеген сұрақтарына жауап тауып, пайдалы кеңестер алды. Семинар соңында қатысушыларға  сертификаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. 

Шымкент қаласында 18 инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 25 мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу