Шымкент қаласында 18 инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 12-07-2023 494

Шымкент қаласында биыл 18 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша осы жылы қала аумағында 18 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Соның ішінде өткен жылдан өтпелі 12 нысан болса, Осы жылы жаңа 6 нысан қосылып отыр. Жыл қорытындысымен аталған 18 нысанның 13-і тапсырылады деп күтілуде. 

Screenshot_17.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алған уақыттан бастап моноқалалармен қатар мегаполистерді әлеуметтік-экономикалық дамыту ісіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстардың жандана бастағанына он жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт аралығында экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отырған шағынаудандардың шырайы кіріп, ажары ашылып, көптеген түйткілді мәселелер оңынан шешіліп келеді. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қаламызда тиісті деңгейде атқарылуда. Сондай-ақ, Президентіміздің Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту. Соның ішінде ауыз су мен кәріз жүйесі де бар. Жалпы Жолдауда Президент «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда, - дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарында қарқын бар. Әрбір мердігер өзіне бөлінген участікте қаланың бас жоспарына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуде. «Бүгінде Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында төрт нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мақсат 8 мыңға жуық тұрғынды, ал Тұран шағын ауданында төрт нысан 20 мың, Бозарық шағын ауданында бес нысан 16 мыңға жуық тұрғынды инженерлік инфрақұрылыммен қамту жоспарлануда. Ал қалған 5 нысанның төртеуі Бозарық шағын ауданында болса, Ақжайық шағын ауданында бір нысанның жұмысы 2024 жылға өтпелі», деді басқарма басшысы.

Шымкент қаласында «Бадам магистральдық каналы» күрделі жөндеуден өткізілуде
Шымкент қаласында ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу