Шымкент қаласында «Бадам магистральдық каналы» күрделі жөндеуден өткізілуде

Oinet.kz 11-07-2023 392

Шымкент қаласында су арналары бетондалып, қайта жөндеуден өткізілуде. Сол каналдың бірі «Бадам магистральдық каналы». Ол Шымкент қаласының Мирас, Отырар, Наурыз шағын аудандары арқылы өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су құбыры бойында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының барысымен танысқан болатын. 

Screenshot_16.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында суармалы егістік көлемін 2030 жылға дейін 3 миллион гектар алқапқа жеткізу межесін қойған еді. Қазір мемлекет тарапынан бұл бағытта арнайы бағдарламалар мен жобалар қабылданып, еліміздің барлық өңірінде су көздерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылуда. «Ирригациялық жүйелерді салу және қайта қалпына келтіру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы мен оған қарасты аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Соның бірі – «Бадам магистраль каналының» құрылыс жұмысы. Қазір каналда бетондау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс басында «Нұр құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 7 техникасы жұмыс істеуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

«Нұр құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстарына 4 экскаватор, 3 «КамАЗә, 25 жұмысшыдан тұратын 2 бригада жұмылдырылған. Су арнасы екі ауысымда үздіксіз жөндеуден өткізілуде екен. 

«Бадам магистральдық каналының» су арнасының трапеция тәрізді бетондауының ұзындығы 2500 метр, 221 метрге L-тәрізді блоктар орнатылуда. Қазіргі уақытта жалпы атқарылған жұмыс көлемі 40 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын серіктестік осы жылдың қазан айында тапсыруды жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында су арналарын жаңғырту бойынша бірнеше каналда құрылыс жұмыстары осы «Бадам магистральдық каналымен» қатар жүргізілуде. Атап айтсақ, құрылыс жұмыстары Көксу,  Чумчак, Сай ниже водопада су арналары да күрделі жөндеуден өткізілде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған каналдардың құрылыс жұмысымен жақсы таныс. Өйткені аталған құрылыс алаңында бірнеше рет болған қала әкімі ондағы атқарылып жатқан құрылыс барысын өзі бақылап отыр. Ал«Бадам магистральдық каналында» болған кезде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы  каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды. 

Шымкентте мекеме қызметкерлері марапатталып, тегін жолдамаға ие болды
Шымкент қаласында 18 инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу