Шымкентте мекеме қызметкерлері марапатталып, тегін жолдамаға ие болды

Oinet.kz 11-07-2023 381

Шымкент қаласында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы атқару комитетінің отырысында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпазы белгілі болды. Оған Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподағы ие болды.

Screenshot_15.jpg

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында 73 адам жұмыс істейді. Барлығы да кәсіподақ мүшесі. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес ондағы кәсіподақ ұйымы кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып, ұжым алдында тұрақты есеп беріп отырады. 

«Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған жұмыс, мекеменің кәсіподақ ұйымынан 6 қызметшіге әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 314 мың теңге бөлуге ұласып,  «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген. Бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынып отыр екен.  

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ төрағасы Марат Тажибаевтің айтуынша, жылда мекеме қызметкерлеріне 8 наурыз, 7 мамыр сынды атаулы күндері мерекелік дастарқан жайылса, «Отбасы күні» ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген. Сондай-ақ мекеме қызметкерлер қыс айларында көшені қардан тазалаушыларға ыстық тамақ таратса, көктем мен күз айларында тазалық айлығында ұйымдастырылатын сенділіктерге атсалысады екен. 

Ұжымда қызметін адал және жауапкершілікпен атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері ескерусіз қалмайды. Мерекелерде, көпшілік іс-шараларда еңбектеріне қарай марапатталып, мекеме тарапынан сый-құрметтер көрсетіліп отырады. Мәселен «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» деп танылған біздің мекеме «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломымен және «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты берілді, - дейді Марат Тажибаев. 

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналған. 

Шымкент қаласында спорт үйірмелері көптеп ашылуда
Шымкент қаласында «Бадам магистральдық каналы» күрделі жөндеуден өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу