Шымкент қаласында денсаулық нысандары күрделі жөндеуден өткізіледі

Oinet.kz 10-07-2023 317

Шымкент қаласында күрделі жөндеуді қажет ететін емханалар аз емес. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлының айтуынша, биыл мегаполистегі №5 қалалық емхана мен №1 қалалық клиникалық аурухана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Screenshot_11.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында денсаулық саласына баса мән берген. «Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды», дейді Президент. Осы бағытта қолға алынған жұмыстар біздің, Шымкент қаласында да табысты жүзеге асырылуда. Мәселен, биыл Шымкент қаласындағы №5 қалалық емхана мен №1 қалалық клиникалық аурухана ғимараттарына күрделі жөндеуден өткізілуде. Оның құрылыс жұмысына 1,193 миллиард теңге  бөлінген. Материалдық техника базасын жақсарту мақсатында 3,5 миллиард теңге сомасына 151 бірлік медициналық техника сатып алынбақ. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына 2023 жылға бөлінген бюджет 122,4 миллиард теңгені құрады», - деді басқарма басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлы.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Жыл басынан бері «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінде 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өткен.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Абибуллаұлы «Биыл сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Ол жерде барлығы 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өтті. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасында 180 төсектік жаңа корпус ашылды. Төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылды», - деді ол.

Шымкент қаласында Құрсай елді мекеніне шағал тас төселуде
Шымкент қаласындағы Бозарық индустриялдық аймағын биыл инфрақұрылыммен толық қамту көзделген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу