Шымкент қаласындағы Бозарық индустриялдық аймағын биыл инфрақұрылыммен толық қамту көзделген
Шымкент қаласындағы Бозарық индустриялық аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, ондағы құрылыс жұмыстары жанданып, индустриалдық аймаққа жауапты мердігер таза ауыз су мен кәріз жүйелерін тартуда екен. Ондағы құрылыс жұмыстарының барысын көзімен көріп, жұмыс барысымен жан-жақты танысқан қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеп, негізгі міндеттерін айқындап берді.
- Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары Бозарық индустриалдық аймағында жанданып келеді. Құрылыс жұмыстары да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өздеріңіз жақсы білетіндей, бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту. Соның ішінде ауыз су мен кәріз жүйесі де мар. Жалпы Жолдауда Президент «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол бүгінгі таңда өндіріс аймағына да аса қажет. Сондықтан да өңірдің дамуы үшін ауызсу бүгінгі таңда индустриалды аймққа жоспарға сәйкес жүргізілуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Бүгінгі таңда Бозарық индустриялық аймағында таза ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85 пайыздан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68 пайызды құраған. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырымға табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалер әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.