Шымкент қаласында Құрсай елді мекеніне шағал тас төселуде
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде көшелерге шағал тас төселуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, онда 67 көше бар екен. Көшелердің жалпы ұзындығы 44,3 шақырымды құрайды. Оның 16 көшесі асфальтталған болсаса, 19 көшеге шағал тас төселген.
- Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елді мекендерді таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Президентіміз ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар бүгінгі таңда Тұран ауданына қарасты Құрсай елдімекенінде тиісті деңгейде атқарылуда. Мұндағы жолдардағы көлік сыйымдылығы мен жүктемесін арттыру, алдағы уақытта көлік кептелісін болдырмау мақсатында құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес жүзеге асырылуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімінің айтуынша, Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге жыл соңына дейін шағал тас төселмек. Шағал төселетін көшелердің қатарында Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Ханшатыр, Сарғау, Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай , Атақорған, Күмісті көл, Киіктау, Қарашығанақ тағы басқа да ондаған көше бар.
«Жолдың жайын жүрген біледі» демекші, жол мәселесі қашанда өзекті. Жалпы қала аумағында көп жолдарға орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл қаладағы жолдарды жақсарту мақсатында шаһар аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Атқарылып жатқан жұмыстар жоғарыда аталған іс-шара аясында іске асырылуда. Жол құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр», дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.