Шымкент қаласында қала әкімі ситуациялық орталық қызметінің сапасын арттыруды тапсырды

Oinet.kz 07-07-2023 228

Шымкент қаласында халықтың өтініші мен сауалы, арыз-шағымдары ескерусіз қалмайды. Оны үнемі «i-shуmkent» ситуациялық орталығы үнемі бақылап, өтініштерді тіркеп, жауап беріп келеді. Жақында билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған орталықтың жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысып, «i-shуmkent» ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды. 

Screenshot_16.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында қараша халықпен қаланың әлеуметтік желілерінде және жеке парақшамда мейлінше, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етудеміз. Өңірде жүзеге асырылатын игіліктерді тұрғындар үйінде отырып-ақ хабардар болуда. Сондай-ақ қаланың, облыстық басылымдарына қала жаңалықтары тұрақты жариялануда. Тұжырымдамада көрсетілгендей, әр саладағы орынбасарларым, шағын аудандардағы округ әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстарын жариялап отыруды апараттық кеңесте міндеттеп, тұрғындардың сауалына уақытылы әрі тұщымды жауап беру керектігін жүктегенбіз. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауларды жиілетіп, Президен Жарлығына сәйкес, шағын аудандарда әр тоқсанның қорытындысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, онда сол аралықта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндаудамыз, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы халықпен байланысты арттыратын орталық ашылғалы орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Мұрат Дүйсенбекұлы осы орталыққа байланысты өткізген жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. 

24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа  алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде. 

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды.  Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті. 

Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағын ауданында спорт алаңшалары салынуда
Шымкент қаласында жастар мен төтеншеліктер судағы сақтық шараларын ұмытпауы ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу