Шымкент қаласындағы индустриаландыру аймағы сапалы инфрақұрылыммен қамтылуда

Oinet.kz 06-07-2023 234

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтағы жобалар жоспарға сәйкес әске асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, ондағы экономикалық индустриалды аймақтардағы кәсіпорындардың жұмысын көрді.  Қазір арнайы экономикалық аймақтар инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылуда.      

Screenshot_14.jpg

Қала әкімінің айтуынша, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 миллиард 980 миллион теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 миллион метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылмақшы. Бүгінгі таңда аталған жобаны іске асыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

- Арнайы экономикалық аймақта көп жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 миллиард теңгені құрайтын 56 жобадан тұрады. Осы жобалардың аясында 5 582 жұмыс орнын құруды көзделген. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 миллиард теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылған болатын. Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қазіргі таңда соңғы аталған «Жұлдыз» индустриалды аймағында инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған. Жоспар бойынша аталған кәсіпорындар жыл соңына дейін қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, толық іске қосылуына мүмкіндік беріледі. 

- Бүгінгі таңда қалада индустриалық өндіріс аймағы даму жолына түсті. Қазір қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын  5 өндірістік алаң жұмыс істеуде. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрылып, 358 миллиард теңгеге 337 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты,  жаңадан 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аумақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақтарда 400 миллиард теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орындары құрылатын болады. Жаңадан құрылатын аумақтардың екеуі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, үшеуі жаңадан құрылатын алаңдар. Оның ішінде жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағының жалпы аумағы 306 гектар аймақты құрайды, бүгінде онда инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Шымкент қаласында жастардың баспанамен қамтылуына мүмкіндік мол
Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағын ауданында спорт алаңшалары салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу