Шымкент қаласында жастардың баспанамен қамтылуына мүмкіндік мол
Шымкент қаласында жастардың баспаналы болуы үшін барлық жағдай жасалған. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, былтыр 800-ден астам жас мемлекеттік «Отбас банкі», «7-20-25» тағы басқа бағдарламалардың көмегімен басапаналы болыптын.
- Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар ел азаматтарының баспаналы болуына жол ашуда. Баспана әрбір адамның арманы. Әсіресе, жастарды қолжетімді баспанамен қамту – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Қазірдің өзінде несиемен қамтылып баспаналы болып жатқан отбасылар қаламызда аз емес. Мәселен, биыл «Отбасы банк» арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша - 293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында – 71 пәтер беріліп, қала азаматтары қоныс тойын жасап үлгерді, - дейді Серғазы Кәрімұлы.
Жалпы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет үшін қай кезде де маңызды. Соның ішінде жас отбасылар мен жастарды үймен қамту бойынша түрлі бағдарламалар жұмыс жасауда. Жастар үшін тиімді бірегей бағдарламалардың бірі - мемлекет тарапынан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілетін баспана.
Бұл бағдарлама – сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба.
Осындай тиімді бағдарлама негізінде үйлі болған жастардың бірі – Таңшолпан Смат. Ол 2022 жылы азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілетін баспана конкрусына қатысып, қажетті балл жинай отыра баспаналы болған екен.