Шымкент жастары бос уақытында тарихи орындарға экскурсия жасап, қарттарға көмектесіп те үлгеруде

Oinet.kz 05-07-2023 272

Шымкент қаласының жастары Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы мен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесуімен «Өз еліңді танып біл» жобасына қатысты.

Screenshot_9.jpg

Олар Оңтүстік өңірінің киелі мекендері саналатын Орталық Азияның ең ежелгі қалаларының бірі - Отырар мен Түркістан қаласына экскурсия жасады. Жобаның негізгі мақсаты – жастарға еліміздегі белгілі орындары мен тарихи мекендерін кеңінен насихаттау.

Жастар ең бірінші экскурсия сапарында Отырар археологиялық және Отырар қорық музейінің жұмысымен танысты. Ол музейдің ірге тасы 1979 жылы қаланған. Онда ежелгі кезеңдегі әшекей бұйымдары мен киіз үйлерінің жабықтары сақталған.

Соңғы экскурсия қайта түрленген киелі мекен саналатын Түркістан қаласымен жалғасын тапты. Жастар ұлттық қолөнер бұйымдарының ешқашан бағасы бәсеңдемей, құндылықтары сақталатынын, әрбір сақталған тарихи жәдігерлерде сол кезеңнің тарихы жатқанын түсінді.

Әрбір заттан қазақтың тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілінің айқын көрінісін көрген жастар экскурсиядан үлкен әсер алып қайтты. 

Ал  Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастар «Birgemiz: «Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында жалғыз басты қарт кісінің үйіне барып, шаруасына қолғабыс танытты. Наталья Степановнаның шаңырағында ерікті жастар үй ауласындағы шашылған қоқыстарды сыпырып жинады. Қураған ағаштарды қырқып, бау-бақша өнімдерін суғарумен қатар арам шөптерден тазартты. 

Ал өз кезегін қария жастарға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

Жастарды мейірімділікке, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен еріктілікке баулу мақсатында ұйымдастырылып жүрген осындай    қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушылар жалғастыра бермек.

Сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының ғимаратында психологтарының ұйымдастыруымен «Alpha Academy» жастарының  қатысуымен аутодеструктивті іс-әрекет пен психологиялық ерекшеліктердің алдын алу мақсатында семинар-тренинг жұмыстары өткізілді. Семинар-тренинг кезеңінде шыдамсыздық, аутодеструктивті іс-әрекеттер, жастар арасындағы күйзелістік жағдалардың алдын алу бойынша семинар жұмыстары жүргізіліп, түрлі арт-терпиялық ойындар ойнатылды. 

Шымкент қаласында жастар орталығы пробация есебінде тұрған жастарға психологиялық көмек көрсетуде
Шымкент қаласында алғаш рет «SHYMKENT FEST» жобасы бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу