Шымкент қаласында 14 мың адам жұмысқа орналасқан

Oinet.kz 16-06-2023 568

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Screenshot_24.jpg

Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Мемлекет басшысының өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру туралы тапсырмасына сәйкес иісті жұмыстар атқарылуда екен. Атап айтсақ, Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адамды тарту көзделіп, оның 42 мыңын тұрақты жұмыс орындарымен қамту жоспарланған. 

- Халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атай отырып, жастарды жұмыспен қамту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу бағытында да түбегейлі оңды өзгерістер орын алуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталған.  Бұл карта – әлеуметтік мәртебесіне қарай  кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы әрбір азаматқа ақпарат берудің құралы. Яғни, азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы». Осы Карта әлеуметтік көмек алатын азаматтарға тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады. Жалпы Жолдау жүктеген ауқымды міндеттерді өз құзіреті шегінде жүзеге асыру біздің басқарманың басты міндеті болып қала бермек. Ал жыл басынан мегаполисте 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары қалада жұмыспен қамту шаралары күшейтіліп отыр. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасын құрады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында 2 миллион шаршыметр тұрғын үй салынады
Шымкент қаласында соңғы бес жылда 900 шақырым жолға асфальт жабыны төселген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу