Шымкент қаласында 2 миллион шаршыметр тұрғын үй салынады

Oinet.kz 16-06-2023 569

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жалпы соңғы бес жыл көлемінде Шымкент қаласында 3 миллион 700 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салыныпты. Оның 2 миллион шаршыметірі соңғы екі жыл көлемінде беріліпті. 

Screenshot_23.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Бүгінгі таңда біздің алдымызға қойып отырған межеміз – жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 миллион шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет. Бүгінде тұрғын үй кешенін тұрғызу мақсатында құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды. Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады,  - деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Қала мегополист санатына өткелі еліміздегі ірі алпауыт компаниялар тарапынан қаланың тұрғын үй нарығына қызығушылықтары артқан. Бұл бір жағынан қаланың сәулеттік көркін жақсартса, екінші жағынан тұрғын үйдің сапасына оңды әсер етуде. Дегенмен мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Шаһар басшылығының шешімімен аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның биылғы конкурсына 150 лимит бөлінген. Яғни осы санаттағы адамдардың баспаналы болуы үшін «Қамқор» бағдарламасының шартына сәйкес қатысушы азамат 20 миллион теңгеге дейін 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен баспана ала алады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 3 миллиард теңге бөлінген.  

Құрылыс болған соң кемшіліктер де болмай тұрмайды. Қала басшылығы бірінші кезекте сапаға мән беруде. Құрылыс нысандарын аралау барысында кеткен кемшіліктер билік тарапынан ескерусіз қалмаған. Қала әкімінің айтуынша, құрылыс нысандарын аралау барысында 1256 кемшілік анықталып, дер кезінде жойылған. Өз жұмысына салғырт қараған құрылыс компанияларына 84 миллион теңге айыппұл салынып, 3 мердігер жосықсыздар қатарына енгізілген екен. 


Шымкент қаласында 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда
Шымкент қаласында 14 мың адам жұмысқа орналасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу