Шымкент қаласында 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда

Oinet.kz 16-06-2023 507

Шымкент қаласында медициналық нысандарды салуға да айрықша көңіл бөлініп келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысын жүргізіп, 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда.  

Screenshot_22.jpg

Денсаулық – зор байлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық саласына айрықша басымдық беріп отыр. «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» дейді Президент. 

- Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан сырқаттармен жұмыс істерде, алдымен аурудың ерте сатысында анықтау маңызды. Денсаулық сақтау саласында қабылданған «2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт»  ұлттық жобасын іске асыру мақсатында көп жұмыс жасалуда. Қаланың өзінде биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды. Жалпы, соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Осы бағытта атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері қалада жалпы өлім көрсеткіші 8 пайызға, нәресте өлімі 20,6 пайызға төмендеді, - дейді қала әкімі.

Бүгінгі таңда бұл салаға қажетті мамандар дайындап отырған Шымкент жоғары медициналық колледжінің материалдық базасы жақсартылуда. Атап айтсақ, мұнда жас медицина мамандары үшін қосымша бірнеше ғимарат тұрғызылуда. Соның бірі спорт зал. Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

- Президентіміздің Жолдауда айтқанындай, әрбір ел азаматы медициналық көмек алуға, аурудың алдын алуына мүмкіндігі бар. Осы саланың даму арқылы емдеу орталықтары көптеп салынуда. Жалпы емделемін, алдын ала тексерілемін деген азаматтарға қаламызда барлық медициналық мекемелердің есігі ашық, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында биыл үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде
Шымкент қаласында 2 миллион шаршыметр тұрғын үй салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу