Шымкент қаласында соңғы бес жылда 900 шақырым жолға асфальт жабыны төселген

Oinet.kz 16-06-2023 564

Шымкент қаласы соңғы жылдары үлкен құрылыс алаңына айналды. Индустриалды аймақпен қатар қалада тұрғын үй мен жол құрылысына жақсы көңіл бөлініп келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қалада соңғы 5 жылда жалпы ұзындығы 900 шақырымнан астам автомобиль жолына асфальт жабыны төселіп, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілген. 

Screenshot_25.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, қала мен оның айналасындағы елді мекендерді таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамту мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Президентіміз ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қалада тиісті деңгейде атқарылуда. - дейді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, биыл қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр. 

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы халықты инфрақұрылыммен қамту  бірінші кезекте тұрғанын айтып отыр. Яғни, қалада таза ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін шешуге баса көңіл бөлінген. Бұл мәселелер қалада шешімін тапқан соң бүгінде көлік инфрақұрылымына басымдық беріліп отыр екен. 

– Жол саласы ауқымды қаражатты талап етеді. Сондықтан да автомобиль жолдарының құрылысы өзге жобаларды жүзеге асыру аясында кейінгі жылдарға шегеріліп келген еді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38 миллиард теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайып отыр. Осының нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыз болған болса, биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде, - дейді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Шымкент қаласында 14 мың адам жұмысқа орналасқан
Шымкент қаласы тұрғындар үшін өмір сүру деңгейі қолайлы аймаққа айналып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу